Қытайда түскі астың ақысын сұлулықпен өтеуге болады

0
35

Қытайдың Чженчжоу қаласындағы мейрамханада қонақтар кастингтен өтіп, түскі не кешкі асты тегін іше алады.Мұнда келушілерді дастархан басына отырмас бұрын суретке түсіріп, кейін бұл суретті «сарапшылар» бағалайды, деп жазады шетелдік БАҚ. Бұл жердегі сарапшылар дегеніміз — ол пластикалық хирургтер. Олардың таңдауы бойынша, ең сұлу дегендері тегін тамақтанады. Бұл әлеуметтік желілерді пайдаланушылардың назарына ілініп, қызу талқыланды. Мұнда да пікірлер екіге бөлінді. Мәселен, жергілікті билік «сұлулық үшін тегін тамақтану» жазуына қарсы болды. Мейрамхана иелері мұны елемей, шараны ары қарай жалғастырды. Алайда, болашақта жарнамаға мұқият қарайтынын айтты. Десек те, бұл акцияның арқасында мейрамхананың даңқы әлемге жайылды. Ал өзін сұлумын деп санайтындар тегін тамақтану мүмкіндігін пайдаланғысы келіп, мейрамханаға баруда.По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз