Қазақ хандығы туралы сериалдың кейіпкерлерін тек Қазақстан азаматтары ойнайды

3
162

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай қолға алынған сериал 20-дан 10-12 бөлімге дейін қысқарып қалды. Бүгін журналистердің сұрағына жауап берген Мәдениет және ақпарат министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бұның себебін түсіндірді.«Қазір қоғамда осы фильмге қатысты қызу пікірталас болып жатыр. Бірақ, киноиндустрия саласындағы әр қадамымыз жоғары деңгейде болуы бәрімізге ортақ арман. Енді, Қазақ хандығы туралы сериал 20 бөлімнен неге 10 бөлімге дейін қысқарды деген мәселеге келсек, біз сериал түсіру үшін нақты Қазақ хандығының құрылған кезеңін алдық. Бұған дейін біз Қазақ хандығына дейінгі дәуірді, қазіргі уақытқа дейінгі өзгерістерді қамтуды ойлаған едік»,  — деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.«Сондықтан, сериал 10 немесе 12 серия болуы мүмкін, бұл мәселе қазір талқыланып жатыр. Яғни, біз осы 10 немесе 12 серияда Керей, Жәнібек хандардан бастап Кенесары ханға дейінгі кезеңді алып отырмыз. Әрине, сондықтан фильм 20 бөлімнен 10-12 сбөлімге қысқарып қалды», — деп түсіндірді министр.

Сондай-ақ,  сериалдың режиссері  Рүстем Әбдірәш  болуы мүмкін.

«Нақты айтсам, бұл фильмге біз шетелден сценарий мамандарын ғана шақырып жатырмыз. Шетелдік режиссер мамандарды да тартуымыз мүмкін. Бірақ, бас режиссер, бас сценарист, бас кейіпкерлердің барлығы қазақстандық мамандар. Сценарийді атақты жазушы Смағұл Елубаев, Тимур Жақсылықовтар жазуда. Бұлардан өзге, «Шыңғыс хан» фильмінің сценарийін жазған азаматты консультант ретінде шақырдық», — деді министр.

Жалпы, Қазақстанда ең бірінші рет осындай ауқымды тарихи сериал түсірілмек. Басты кейіпкелерді сомдайтын тамаша актерлеріміз де бар.

«Қазір сериалдың режиссері ретінде Рүстем Әбдірашевтің кандидатурасын қарастырып жатырмыз. Рүстемді өздеріңіз де жақсы білесіздер, оның шығармашылығымен таныссыздар. Оның үстіне, Рүстем тарихи туынды түсіргісі келетінін айтқан болатын. Рүстем Әбдірашпен бірге, Ақан Сатаев та өз ұсынысын білдіріп жатыр», — деді министр.

Жалпы, министрдің сөзіне сенсек, Қазақ хандығы туралы бұл тарихи туындының бас кейіпкерлері де, бас режиссері мен сценарий авторлары да қазақ елінің азаматтары болады.

По сообщению сайта Nur.kz

3 ПІКІРЛЕР

  1. өте тамаша жоспар. іске сәт! Бірақ, бір Шыңғыс ханның өзі қанша сериалға жүк болды. ал, біз оның 1462 – 1847 жылдар аралығындағы 4-5 ғасыр бойына хандық құрған ұрпақтарын 10-12 сериалға сиғызсақ. Шыңғысқан өзім деген қазағым қытай құрлы болмады ғой демейма. Жоқ, мұны мынадай жобамен деректі фильм етіп қана түсіруге болады.

  2. біздің тарихымыздағы жер дауы мен жесір дауының өзі осындай 10-12 сериал болады.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз