Келімбетов теңге жыл бойы құлдырамайды деп уәде берді

0
347

hayratБиыл теңге жыл бойы тұрақты болады. Қаржы саласына бірден 12 айға болжам жасаған Қайрат Келімбетов осылай деп мәлімдеді. Ұлттық банк төрағасының ойынша, халық 2016 жылға дейін теңге құлдырауы мүмкін деген әңгімені мүлдем ұмытуы тиіс.

Әлемдегі экономикалық жағдайдың шиеленісуіне қарамастан Ұлттық банктің мәліметтері оптимизге толы. Қайрат Келімбетовтің бұлай сенімді сөйлеуі бекер емес. Ол Ұлттық қорға жиналған 100 миллиард долларға иек артып отыр. Яғни теңге бағамын тұрақты ұстап тұруға бұл қаржы жеткілікті екен. Әрі алтын-валюталық қордың көлемі де  артып келеді. Сондықтан еліміздің бан банкирі жұртқа негізссіз таратылған өсекке сене бермей, тыныш ұйықтаған жөн деп кеңес беріп отыр. Бір қызығы, былтыр дәл осындай уәде бергеннен кейін ақпан айында ұлтық валюта қатты құлдырап тұрғындар сан соғып қалған еді. Бұған қуанған тек Келімбетов сияқты болған еді. Бас банкир қазір де сол дер кезінде жүргізілген девальвация экономиканың тұрақты өсімін сақтап қалды деп отыр.

Қайрат Келімбетов, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

2015 жылы теңге бағамының өзгеруіне жол бермейміз. Бірақ ұлттық валютаның жағдайы Ресей рублінен гөрі, мұнай бағасына байланысты. Десек те, қара алтын құны қатты түскеннің өзінде де, кез-келген тосын жәйтке әзірміз. Барлығын есептеп қойдық.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз