Орыс арағы Қазақстанда сұранысқа ие
Жарнамасы жер жарған ресейлік алкоголь өнімдеріне Қазақстанда да сұраныс артып тұр. Бүгін Мәжіліс депутаты Азат Перуашев осы мәселеге қатысты қынжылыс білдірді.
Жарнамасы жер жарған ресейлік алкоголь өнімдеріне Қазақстанда да сұраныс артып тұр. Бүгін Мәжіліс депутаты Азат Перуашев осы мәселеге қатысты қынжылыс білдірді.
Айта кетсек, Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылы қабылданған кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы екінші оқылымда мақұлданған болатын. Құжатта қамтылған бірқатар маңызды мәселелердің ішінде алкоголь өнімдеріне қатысты бап та бар. Осы орайда, депутат Азат Перуашев биылдан бастап ресейлік ішімдіктерге жарнама жасауға рұқсат берілгенін сынға алды. Соның салдарынан, 2004 жылдан бері алкоголь өнімдерін жарнамалауға тыйым салынған Қазақстан жұртшылығы, ресейлік БАҚ арқылы сол жақтың өнімдерін тұтынуда дейді ол. Сондай-ақ, депутат соңғы кездері орыс арақ-шарабының тасасында қалған отандық алкоголь өнімдері сұранысының төмендеп кетуіне де алаңдаушылық білдірді.
Азат ПЕРУАШЕВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
– Бұл жарнамаға рұқсат тек ресейлік алкогольге берілді. Меніңше, бұл заңсыз нәрсе. Себебі, біз ЕАЭО құрғаннан кейін бірыңғай рынокта тұрмыз. Бұл – біздің ортақ рыногымыз. Сол себепті, біз бұл жерде өзіміздің отандық өндірушілердің мүддесін қорғауымыз керек деп білемін.