«Халықтық-Азат ету қозғалысы». Аты – біздікі, заты – бөлек

0
94

Дата: сегодня в 19:23 Категория: Қазақша жаңалықтар

Жақында әлеуметтік желілерде «Қазақтың Жаңаресейі» (Казахская Новороссия) деген карта таратылды және «Алматы славяндар қоғамы» мүшелерінің ресейлік-империалық ту ұстап түскен суретті ғаламторды шарлап жүр. Сарапшылардың пікірінше, бұлар былтыр елімізде жұмыс істеуге тыйым салынған «Халықтық-Азат ету қозғалысының» өкілдері екен. Осыдан кейін, бұл жайтты ғаламтор қолданушылары қызу талқылап, территориялық тұтастық мәселесі күн тәртібіне қайта шықты. Сонда, жоғарыда айтылған ақпараттарды, яғни күдікті карта мен фотоны тарату кімге тиімді болды екен?!.Әрине, Ресейдің Қазақстанды аннекциялайды деу әсірелік болар. Бірақ, әлдеқандай күштер қазақстандық әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы қоғамға іріткі ақпараттар жариялауда. Басты мәселе ‒ мұндай қоғамда шу тудыратын іріткі ақпараттың артында кім тұр? Империалық пиғылды қайта қозғау кімге тиімді? Алматыда тыйым салынған «Халықтық-Азат етуқозғалысының»қайта «оянған» секілді. Өйткені, бұл ұйым өкілдері империялық туды көтеріп суретке түсіп, өздерін халықтық қозғалыс ретінде танытуға тырысып, бағуда.Олар «Вконтакте» әлеуметтік желісіндегі «Халықтық-Азат ету қозғалысының» өкілдері былай дейді: «Біздің жұмысымыз моральдық тұрғыда шыдамды, идеологиялық көзқарасы мен өз ұстанымы бар, физиологиялық қалыптасқан бүгінгі және болашақ жастарға арналады». Сонымен қатар,олар жастарды Украинадағы әскери қақтығыстарға шақырған үндеулер жариялаған. Ұлтаралық дүрдазардықты ашық түрде насихаттаған. Барлық акцияларын «Өз нәсілі мен ортақ ата-бабаларының» құрметіне арнайтындарын да жазады. Алайда, олардың «Вконтакте» парақшасы бұғатталыпты. Соған қарағанда бұл жазбалар құқық қорғау орындарының назарынсыз қалмаған сияқты.

Және ғаламторды шарлап жүрген «Қазақтың Жаңаресейі» картасын жасау да осы акциялардың бірі болса керек. Мұнда империяға қосылуы тиіс Қазақстан территориясы қоңыр түспен (Фашизмның символдық түсі) боялған. Бұл аймақтарға: Солтүстік Қазақстан облысы, Қостанай, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары енген. Сөз жоқ, бұл аймақтардағы бейбіт және тыныш өмір кешіп жатқан жұрт қазақ жеріне арандатушы карталардың таралғанын қаламайды. Сондықтан, арандатушы күш сырттан келуі мүмкін.

Осы орайда, «ғаламторда мұндай күдікті картаның таратылғанына алаңдауымыз керек пе?» деген сұрақ туындайды. Сарапшылардың пікірінше, Украина мәселесінен кейін мұндай арандатушы істердің болуы қорқынышты. Бірақ, ақпарат ағыны еркін таралған әлемде мұндай жағдайдың алдын алу мүмкін емес.

Орталық Азия елдерінің аймақтық қауіпсіздігі жөніндегі маман, саясаттанушы Аркадий Дубновтың пікірінше, әлеуметтік желілердегі әлдебір «нәсілдік топтардың» пайда болуы, жоғары айтылған картаның таралуы Қазақстандағы Ресей сеператизмінің атмосферасын қалыптастыру үшін жасалып отырған әрекеттер. Сонымен қатар, қоғамдық пікірді қалыптастырудың бір амалы.

Аркадий Дубнов: «Егер осындай топтар Қазақстанда шынымен бар болатын болса және ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін болса, кәсіби қызмет үшін оларды құрту қиындық тудырмас еді. Ал, оларды ешкім назарсыз қалдырғанына қарағанда, олай болмағаны»,‒ дейді. Сонымен қатар, ресейлік билік Ресейдегі «түрлі-түсті революцияның» болатынын жоққа шығарды. Екінші жағынан, Ресейдегі «орыс әлемінің» РФ-нан тыс аймақтарда кеңейту үшін жұмыс істеп жатқан түрлі ұлттық радикалды топтардың бар екенін де ұмытпау керек екенін айтты Дубнов.

Саясаттанушы Сұлтанбек Сұлтанғалиевтің айтуынша, «Қазақтың Жаңаресейі» деген картаны таратудың мақсаты ‒ Қазақстан қоғамында русофобтық және антиресейлік көзқарасты қалыптастыру. Бұл кімге тиімді? Қазақстандағы тұрақтылықты қаламайтындар үшін болуы мүмкін. «Батыс пен Ресей арасындағы геополитикалық қарама-қайшылық Қазақстанды да шарпуда. Ақпараттық соғыстың барлық элементтерін ғаламтордан байқап отырамыз. Ал, империалық ту ұстаған жастарға келетін болсақ, бұл ешқандай да топ емес, тек жастардың қателігі», -деді.

Ал Қазақстанның Жалпыхалықтың социал-демократиялық партиясының төрағасы Жармахан Тұяқбайдың пікірінше, мұндай әрекет пен фотолардың таралуы барып тұрған арандату. Қандай жағдай болса да, картаны жасағандардыҰҚК қызметлері табуы тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың мамыр айында «Халықтық-Азат етуқозғалысының» өкілдері Алматы қаласының көшелерінде империялық туды жалаулатып акция өткізген болатын. Сондағы мақсаттары‒ еліміздегі Батыстың ықпалы жою.

Артынша, ұйым жұмысы тоқтатылды. Өйткені, 2014жылдың мамыр айында қоғамдық белсенділер Алматы қаласының прокуратурасына, ҚР Ақпарат және байланыс агенттігіне, ҚР Бас прокуратурасы мен Парламент мәжілісіне бұл ұйымның жұмысын тоқтату туралы ұсыныс жасалған болатын.

Қоғамдық ұсыныста: «Бізді «Халықтық-Азат етуқозғалысының»( http://kaznod.org,) жұмысы алаңдатады. Ашық және кең түрле ТМД елдерінің евразиялық бірігуін насихаттауда. Украинадағы жағдай мұндай ұйымдардың сеператизм мен әскери қақтығыстарға апаратынын көрсетті. Сонымен қатар, оларға қалада марафон өткізуге рұқсат етілген. Осы ұйымның Қазақстандағы жұмысын тоқтатуын өтінеміз»,-делінген.

Қазақстанның «Халықтық-Азат етуқозғалысының»өздерінің РФ Госдума депутаты Евгений Федоровпен тығыз байланыста екендерін жасырмайтын. Ал, Ресейде «Халықтық-Азат етуқозғалысы»ұйымының жұмысы жанданып тұр. Ресейлік «Халықтық-Азат етуқозғалысының» ‒ радикалды қозғалыс. Ресейдегі барлық батыстық компанияларды қуғындауды қолдайды. РФ аумағында Доллардың айналымнан шыққанын қалайды. Интернет сайтында деректерге қарағанда, қыруар жұмыс атқарған секілді. Ұйым идеясы2014 жылы сәтті насихатталған. Олардың есебінше, сәтті өткен акция — 2925, жалпыресейлік акция – 17,митинг – 487, лекциялар – 175, пикет — 1655 өткізген.

Міне, өз елінде осынша акция өткізген «Халықтық-Азат етуқозғалысының» өз елін қойып, өзге елге ауыз сала бастағанын байқау қиын емес.

Дереккөз: Курсив
По сообщению сайта Матрица.kz

Поделиться

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз