Елімізде жас жігітке күйеуге шығатын әйелдер көбейген

0
52


Елімізде жас жігітке күйеуге шығатын әйелдер көбейген
Қазақстандағы «Неке және отбасы» заңына шұғыл түрде өзгеріс керек деп жазады shyn.kz сайты. Мақала авторының пайымдауынша, тоқал алатын еркектермен бірге жас жігітке күйеуге шығатын әйелдер де көбейген.
«Соңғы кездері біздің қоғамда қос әйел алу туралы пікір қозғалып жүр, бұл еркектер отбасын бұзып жатыр деген біржақты пікір емес, «жас күйеуге» шығуды сәнге айналдырған қалталы қыз-келіншектер саны артуда», — делінген мақалада.Тоқал тақырыбы ажырасу үрдісін арттырса, жаңа күйеуге шыққыш келіншектер «жалғызбасты әйелдер» санын арттырып отыр. Бұрын «көкек ана» деген атау болса енді «жас күйеу» немесе «тоқал» деген термин пайда болды.«Қос әйел» мен «қос күйеу» тақырыбы біздің елдегі демографиялық өсімді түсіріп, ұлттың ұлт ретінде жойылып кетуіне себепкер болар құбылыс. Өз өмірін кейінге шегеріп, күйеуінің жағдайын жасап, бала-шағасының қамымен өткізген қанша әйел қазіргі таңда зорлық-зомбылық көруде, «жағдайын жасап отырмын» деп тізеге басқан қанша еркек бәйбішесінің келісімінсіз екінші әйел алуда. Нәтижесінде өмір бойы азаматының бабын жасаған әйелдер зардап шегіп, балалар тірі жетім болуда» — деп жазады автор.

Автор он үштегі баланы автокреслоға таңу туралы ұсынысты қолдаған депутаттарға «Неке және отбасы» туралы Заңды реттеп, өзгерістер енгізу туралы өтініш айтып, ұсыныстарын білдірген.

«Қос әйел» мен «қос күйеу» тақырыбы біздің елдегі демографиялық өсімді түсіріп, ұлттың ұлт ретінде жойылып кетуіне себепкер болар құбылыс.

— Еркек не әйел өзінің некелі жарынан ажырасып, баласын тірі жетім еткен жағдайда «айыпты жақ» жалғыз қалған жұбы келесі некеге тұрғанға дейін алимент төлеуі керек. (Шетелде отбасын бұзған адам зардап шегушіге алимент төлейді, өйткені қолында бала-шаға қалған адамның жауапкершілігі артады)

— Мешіттерде некеге тұруды құжаттандыру немесе орталықтандыру қажет. Некені тіркеуді заңдастыру қажет және неке қию рәсімі кезінде молдалар сол жерде көпшіліктің көзінше бәйбішесінің разылығы бар-жоғын сұрауы керек.

— Жас күйеуге немесе жас әйелге үйленгендер келесі жұбы келісім бермей ажырасқан жағдайда өтемақы төлеуі керек. Сол арқылы уақытша бір адамды ойыншыққа айналдырғандар санын азайтумыз және отбасын сақтаудың бір тетігін жасаймыз.

— Соңғы кездері «кәрі қыз» немесе «кәрі жігіт» атанып жүргендер саны артуына байланысты баяғы Кеңестік замандағы «бойдақ салық» төлеуді енгізу керек. Бұл бюджет пен демография үшін пайдалы болмақ.

Еліміздегі және әлемдегі басқа да жаңалықтарды қазақ тілінде оқыңыздар

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз