Дата: сегодня в 09:23 Категория: Қазақша жаңалықтар
Оның біріншісі, міне мына Астана іргесінде басталып та кеткен. Тамыз айында бітуі тиіс деп жоспарланған нысанда қазір 400-ге жуық құрылысшы Сарыарқаның сары шұнақ аязына да қарамастан жұмыс істеуде. Дәл осындай колледж құрылысы Алматы қаласында да жүріп жатыр.
Құрылысқа тапсырыс беруші «Кәсіпқор» қоры басшылары бұл салынып жатқан коллеждердің кейбір бөліктері қаржы тапшылығынан қысқарып та қалуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Сондықтан, Үкімет жобаның екінші кезегін уақытша тоқтатуды жөн көрген.
Айта кетейік, елде теңдесі жоқ колледждердің салынуына мәжіліс депутаттары қарсы шығып, тіпті оларды ашу идеясын «колхозға» теңеген болатын.
«Бірнеше жобаларға капиталдық шығындар қысқартылып жатыр. Бірнеше жобаларға құрылыс обьектілерге шығындар төмендеп барады. Сондықтан, біздің үкіметіміз бірінші кезекті аяқтауға тапсырма берген, ал екінші кезекті тоқтатуға», — дейді «Кәсіпқор» холдингі ақпараттандыру және логистика департаментінің директоры Айнұр Мұқанова.
По сообщению сайта Nur.kz