Ан-2 ұшағында қаза болғандардың отбасыларына миллион теңгеден берілмек

0
342
tolem
Жамбыл облысында апатқа ұшыраған АН-2 ұшағында қаза тапқан ұшқыштардың жанұяларына Қарағанды облысы әкімдігі тарапынан 1 млн теңдеген материалдық көмек берілетін болды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.«Қаза тапқан экипаж мүшелері — Валерий Клюшев, Виктор Савельев және Василий Литвиновтың отбасыларына 1 млн теңдеген бюджеттен тыс материалдық көмек көрсетіледі», — деді облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ольга Кабаргина.

Сондай-ақ, «Қазақмыс» компаниясы қаза тапқан қызметкерлерінің отбасыларына өтемақы төлейтінін хабарлады.

«10 айлық жалақы есебінде өтемақы төлеу туралы коллективті келісім бар. Өтемақыны төлеу апатқа байланысты құрылған үкіметтік комиссия қортындысынан кейін берілетін болады», — делінген хабарламада.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз