Еліміздің бірнеше қаласында бензин бағасы арзандады

0
78

Алматыда бірқатар жанармай құю станциялары АИ-92 бензинінің бағасын 105 теңгеге дейін түсірді. Бұл туралы Kolesa.kz сайты хабар таратты деп хабарлайды Астана арнасы.
Мұндай жағдай ресей рубльі бағамының өзгеруімен байланысты болуы мүмкін деп жазады дереккөз. Бағаның түсуі өзге қалаларда да байқалған.Мәселен Otyrar.kz порталының дерегінше, Шымкентте АИ-92 маркалы бензин 109-дан 107 теңгеге дейін төмендеді. Қызылордада дәл осы маркалы жанармай 108 теңгеден сатылуда.

«Қазір Қызылордада АИ-92 -108, АИ-80 89 теңгеден, ал дизель отыны 107 теңгеден сатылуда. Өткен жылдың соңымен салыстырғанда жанар-жағармай бағасы 7,8 пайызға арзандапты. Облыста 121 май құю бекеті бар. Оларға еш делдалсыз арнайы белгіленген 15 оператор жанар-жағармай жеткізіп беруде», — дейді  Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Құрманкүл Датқабекова.

Айта кетейік, жуырда энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалин біздегі жанармай бағасы ресейлік нарыққа қарай отырып, ай сайын реттелетінін айтқан болатын.

Еске салсақ, Қазақстанда жанармай бағасы соңғы рет 2014 жылдың желтоқсанында төмендеді.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз