Астана тұрғыны мұнайды қымызбен алмастыруға кеңес берді

0
41

Астаналық өнертанушы Оразбай Нұрғожин емдік қасиеті мол сусынды өнеркәсіптік өндіруге ыңғайлы қондырғы ойлап тапты. Бұл туралы «Экспресс К» басылымы жазды.Өнертапқыш ұсынған аппаратпен сөрелерде қаптап кеткен кока-коланың орнын бастатындай мөлшерде қымыз әзірлеуге мүмкіндік бар дейді.

Күні бүгінге дейін дәріханалық шыны ыдыста әзірленетін Джон Пембертонның бұл газдалған сусыны күллі әлемнің шөлін қандыруға қауқарлы емес. Қымызға келсек, сусын бұрынғыша сабамен пісіледі екен.

Оразбай Нұрғожиннің айтуынша кейбір өндірушілер қымыз жасау үшін кір жуатын машинаны пайдалануы дұрыс емес.

Ол әзірлеген құрылғыны үш шаруашылық қожалығы қолдануда. Қымыз пісетін ыдыс ағаштан жасалған.

«Сапалы қымыз өндіру үшін ағаш ыдыс қажет. Қымыз ағаш ыдыста ысталады. Қымызды пісу қолмен піскеннен еш айырмашылығы жоқ. Минутына 37 рет айналады. Бір аппаратпен тәулігіне бір тонна қымыз өндіруге болады», — дейді құрылғыны патенттеген Нұрғожин.

Оны пайдалану арқылы қазақстандық нарықпен қоса, шетелге экспорттау мәселесін де шешуге болады. Батыс елдері пайдалы асқа ден қойып жатқанын ескерсек, бие сүті олардың сенімдерін ақтайтыны сөзсіз.

Сонымен бірге ол Қазақстанда мұнайға баға түскен кезде барша әлемді қымыздың дәмін татып көруге шақырды.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз