Лондон мэрі қаңғыбастармен бірге көшеде түнеп шықты

0
45

Лондон мэрі қаңғыбастармен бірге көшеде түнеп шықты

Лондон мэрі Борис Джонсон мен The Independent газетінің қожайыны Евгений Лебедев баспанасы жоқ үйсіз-күйсіз ардагерлердің басындағы жағдайға қоғамның назарын аудару үшін көшеде түнеп шықты.Бұл туралы islam.kz-ке сілтеме жасап Bnews.kz хабарлайды.Олар Грешам-стрит көшесінде картон қағазын төсеніп ұйықтаған екен.

«Ең қиын-қыстау шақта елімізге қызмет еткен адамдарға қолымыздан келгенше көмектесейік», — деді мэр. Олар осылайша Ұлыбританиядағы бұрынғы әскери қызметкерлерге баспана тауып беруге жәрдемдеспек.

Айта кетсек, Лондон мэрі түрлі акцияларға атсалысып қана қоймай, велосипед сыйлаумен аты шыққан жомарттығы да бар оның. Ол кезінде нәресте ханзада Джорджға үш доңғалақты Boris Bike велисопедін тарту еткен екен.

Бұл әрекетін болашақ тақ иесінің кейін қарапайым болуға әрі экологиялық таза көлікті пайдалануға тәрбиелегісі келгенімен түсіндірген еді.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз