Біздің де айтарымыз бар.

0
401

Қуанәлі Алмасбекұлы

Мынау дәуірдің белесінен ұйытқып соққан ақ боранның ішінде қонарымызды сай, ұшарымызды жел біліп, тамыры терең тартпаған дарақ сынды ғұмыр кешіп, биігіміз аласарып, тұнығымыз лайланып, бағытсыз, бағдарсыз жылжып барамыз…
Заман желісіне еріп, асылымыздан айырылып, салтымызды сақтай алмай, тілімізді шұбарлап қанымызды қарайтып, арымызды аяққа таптап жүрмейміз бе?!  Өз әкесін «әке» деп атауды жек көретін көргенсіз сәбилерімізбен, санасын ақша жеңген туыстық мейірімділікті жойып, адамдығын жоғалтқан жетесіз жастарымыз қаншама, ойланып істемей опық жеп жүрген, өзге бір ұлттың етегінен ұстап еңіреп қалған иесіз аруларымыз қаншама?! Өзінің өмірін ойрандаумен бірге ұлттың ұлыттық қасиетін солғындататын, өзінің кім екенін, ертеңінің қалай боларын ойламайтын жандарымызды сірә қайткенде оятамыз? Жауап беріңіздерші жамағат!
Кемеңгер халықтың, жауынгер ұлыттың ұрпағымыз.  Сонау, « ақтабан шұбырынды, алқа көл сұламалы» дәуірде де елдің елдігін сақтап, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қолға келтіріп берген теңдіктің, еркіндіктің тізгініне ие бола алмай, от жағып қоламта тығып кеткен ошақтың моржасын қалағанның орнына құлатып жатырмыз, жанған отты өшірсек қара қазанның қаспағы таусылған күні кімнен тамақ сұрап, кімнен жәрдем күтеміз?  Аспаннан сіркіреген ақ жаңбырдың теректің қуысындағы жапыраққа тамбайтындығы белгілі, ал су тимеген жапырақтың өмірден ерте кететінін ертерек ойлағанымыз абзал.
Айырық жолға келіп ақлынан адастып, жүрісінен жаңылып, бастағы бағын, астындағы «тағын» баянды ете алмай тұрған аласа ойлы топтың жолын сілтеп, бағытын дурыстаймыз деп жарғақ құлағы жастыққа тимей, етігімен су кешіп жүрген көш бастар ағалаымыздың айғайы аспандап жатқан кезде « бақа сисе көлге сеп» дегендей жол бастаған серкелеріміздің соқпағын кеңейтіп «соқырын» жетелесек, еккен қаламшасын баптап, жақсылғын жақтасақ деген ізгі бір ойдың жетегімен әрі жүрегінде  жұлқынған жырдың жалыны бар ақындарымыздың азаматтық ойы айтлыған өлеңдерін көппен таныстырып, қаламдарын ұштап тілектерін тоғыстырсақ, ұлыт қамын ойлайтын, ұлыт жанды азаматымыз бен азаматшаларымыздың қалың елдің рухани дүниесін оятар, адасқандарды ақылына келтірер, адасқандарды арнасына түсірер, бөлінгендерді үйіріне қосып, бұғып жатқандарды інінен шығаратын тілі жеңіл, ойы орамды, мазмұны терең мақалаларын, әңгімелерін көпке көрсетіп, тұманды күні емес ашық күні адасқандардың бетін бері бұрып, тоғанағы толық қоңыраулы керуенімізді тонатпай, езудегі еншімізден айырылмай, ертеңгі ұрпақтың күнәсіна қалмау үшін кешегінің көшелі ойларын үйреніп, бүгінгінің білімдерін тұтқа етіп, арқамызға түскен ауыр жүкті ортақ көтертіп, баяшатты қоғам саясында, «әләуләйімізді» асқақтатсақ, қуаныш үстіне қуаныш, нұр үстіне нұр болар еді.
«Елге еңбегін сіңірген ер қымбат, ердің елге бағасы қаны бір болу емес, жаны бір болуда, қуаныш қайғысы ортақ болуда, ердің бағасы елге еткен еңбегінің зор яки кішілгінде емес, ел деген жүрегінің таза болуында…» деп ақынның ақыны Мағжан Жүмабайев айтқандай өзіміз үшін күйсей бермей, дән егіп, дақыл жинайық.
‹‹ Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту- бүкіл ата – бабамызды, тарихымызды ұмыту» деп Бауыржан Момышұлы түйіндегендей, тамырымызға балтаның жүзі тиіп жатқан кезде қиып түскенше қарап жатпай, асылымызды сақтап қалуға ұмтылайық. «Өшетін елдің баласы отызында жаспын дер, өсер елдің баласы он бесінде басыпын дер » дегендей қой асығы демей, қолға тұрса сақа тұтар кез келіп тұрған кезде аяулы ағайындар арамызға қарай ат басын бұрыңыздар.

http://www.azamatuni.com/bbs/forum.php?mod=viewthread&tid=744

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз