Алматыда 3 балдық жер сілкінісі болды

0
56

Қырғызстанда сағат 21-52-де жер сілкінісі болды. Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша зілзаладан зардап шеккендер жоқ.

Алматыда 3 балдық жер сілкінісі болды

Бұл мәліметті Білім және ғылым министрлігі ғылым комитетінің сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі де тіркеді.

Тербеліс орны Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 185 шақырым, Қырғызстан аумағында болды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.7 болса, магнитудасы – MPV 5,4 ал тереңдігі 10 шақырым.

Алматыда қуаты 2-3 балл жер асты дүмпуі сезілді.

Источник: ИА «Казинформ»

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз