Филиппинде үйсіздерді қымбат әрі сәнді қонақүйлерге орналастырған

0
277
Филиппинде үйсіздерді қымбат әрі сәнді қонақүйлерге орналастырған
Елде тұрмысы нашар азаматтардың бар екенін жасыруға тырысқан Филиппин үкіметінің әрекеті халықтың ашу-ызасын тудырды.
Үкімет өкіміне сәйкес, Рим Папасының елге іссапары кезінде 500-ге жуық филиппиндік баспанасыздар ең сәнді қонақүйге орналастырылған. Бұл туралы The Guardian мәлімдеді.Рим Папасының ресми іссапарынан кейін бұл жайттың басы ашылды. Баспанасы жоқтарды тәулігіне бағасы 540 АҚШ долларын құрайтын қонақүйге төрт күнге орналастырғаны белгілі болды.

Бұл жағдайды Филиппин әлеуметтік қамсыздандыру және дамыту министрі Корасон Солиманның өзі растап отыр. Солиман баспанасы жоқ азаматтардың жағалау бойындағы лашық үйлерде немесе екі пальмаға байланған гамактарда тұратынын айтып өтті.

Үкіметтің осындай әрекетке баруын Рим Папасының уағыздарын тындауға жиналған адамдарға кедергі келтірмеу үшін жасалды деп отыр. Министрдің айтуынша, елдегі баспанасыздар арнайы оқу курстарынан өтіп жатқан көрінеді.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз