Алматыда шұғыл шаралар барысында кеден бекеті бастығының орынбасары мен бас прокуратураның бұрынғы қызметкері ұсталды. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігіне Алматының арнайы қызметінен дереккөз хабарлады.
«Контрабандалық жүкті жеткізу мен сатуды ұйымдастыруға көмек көрсету үшін Алматының КРО кеден бекеті бастығының бұрынғы орынбасары Бақыт Төлеповтың өзінің танысы, бас прокуратура және қаржы полициясының бұрынғы қызметкері Абзал Құдайбергенов арқылы Алматы қаласы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің жедел бөлімінің бастығы Кенжебай Жұмабековке $20 мың көлемінде пара ұсыну туралы өтініш жасаған», – деді дереккөз.
ҚазТАГ-қа белгілі болғандай, бұған дейін Кенжебай Жұмабеков пен Абзал Құдайбергенов жолдостық қарым-қатынаста болған. Абзал Құдайбергеновтың пара ұсынатыны туралы Жұмабеков басшылыққа берген рапортында баяндаған, сосын лауазымды тұлғаға пара беру фактісі бойынша арнайы жоспар құрылған.
Кенжебай Жұмабеков бұған дейін де кеден органдары мен ҰҚК қызметкерлерін әшкерелеуге бірнеше мәрте қатысқан, нәтижесінде бірқатар лауазымды тұлғалар мен ҰҚТ мүшелері қылмыстық жауапқа тартылған.
Хабарланғандай, 2012 жылдың 8 тамызында Бақыт Төлепов қызметінен босатылған, ал Алматының ҚРО –да Төлеповтың басшылығымен бопсалаушылықпен айналысатын ҰҚТ жұмыс жасайтындығы туралы кәпікерлердің бірінің арызынан кейін тексеру басталған болатын.