Бүгін Қарағанды жұртшылығы Жамбыл облысында апатқа ұшыраған АН-2 ұшағының қаза тапқан жолаушыларын ақтық сапарға шығарып салды.
Жұртшылық Қарағандының №1 мешітінде өткен «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-нің техникалық даму департаментінің директоры Ғабит Төлеубаевтың жаназасына қатысты.
Қайғылы қазаға Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-нің бас директоры Бахтияр Қырықпышев келіп, қайғыға ортақтасты.
Сонымен қатар, бұл күні қаза тапқан эпипаж мүшелері – командир Валерий Клюшев, екінші ұшқыш Виктор Савельев және бортмеханик Василий Литвиновті туған-туыстары мен қарағандылықтар ақтық сапарға шығарып салды.
Источник: ИА «Казинформ»