Ресейде сауда жасаған павлодарлықтар жоғалып кетуде

0
43

Бүгінде рубльдің құнсыздануын пайдаланып, Ресейге сауда жасауға кеткен бірнеше павлодарлық жоғалып кетті деген ақпар қала тұрғындарын үрейлендіріп отыр. Аймақта адамдардың тоналғаны, ұрланғаны туралы қауесет басылмай тұр.

Ресейде сауда жасаған павлодарлықтар жоғалып кетуде
Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.

Алайда, Павлодар облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі Ресейдің өңірімен  шекаралас қалаларына сауда жасауға барып, іс-түссіз жоғалып кеткен павлодарлықтар туралы ақпаратты растамады.

Ресей рублінің құнсыздануын пайдаланып, сауда жасаған азаматтардың іс-түссіз жоғалып кеткені туралы ақпарат ғаламтор қолданушылары арасында кеңінен талқылануда.

Омбы қаласына «шоп-турларға» аттанған азаматтарға қатысты мәлімет интернет желілеріне тарап, жұртшылық арасында алаңдаушылық тудырды. Бір сөзбен айтқанда, қазіргі таңда өңір тұрғындары арасында екі ай бұрын Омбы мен Новосібірге барып, хабар-ошарсыз кеткен 20 павлодарлыққа қатысты әңгіме үрей туғызды.

Түрлі дереккөздердің ақпараттарына сүйенсек, тағы 6 павлодарлық Ресейде көлік сатып алуға барып, үйлеріне оралмағаны белгілі. Бұл жайтты бүгінде ресейлік сапаржайларда айтылып жүрген әңгімелер ушықтыра түсуде.

«Бір апта бұрын белгісіз адамдар Омбыдан павлодарға автобуспен келе жатқан саудагер әйелді тонап кетті. Ол қолындағы ақшасы, тауары мен құжаттарынан айырылды», – дейді омбылық автовокзалдың билет сатушысы.

Аталмыш ақпарат туралы ақпарат алу мақсатында  облыстық ІІД бастығы Марат Қожаевтың атына ресми сауал жолдаған болатын. Ведомстводан келген жауапта: «Ресей еліне сауда жасауға кетіп, хабар-ошарсыз кеткен павлодарлықтар туралы полицияға шағым түскен жоқ», – деп жазылған.

Мемлекеттік мекеменің баспасөз қызметі тоналған әйел туралы ақпаратты да растамады.

Источник: NUR.KZ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз