Елімізде экстремизм мен лаңкестікті насихаттаған 700-ден астам сайт жабылды. Бас прокуратура күдік туғызған 100 мың интернет-ресурсты тексере келе, жағаларын ұстаған. Себебі, ел ішіне іріткі салатын материалдар ғаламторда ашықтан ашық жарияланып жатыр.
Оларды бетімен кеткені соншалық, лаңкестікке үгіттейтін ақпараттық материалдар, бейне және аудио таспалар мен кітаптарға толып тұр. Тіпті жарылғыш затты дайындауға үйрететін сайттар қаптап кеткен. Осылардың арбауына аңғал жастармен қатар ересек адамдар да алданып дінінен адасып жүр. Сөйтіп,Сириядан бір-ақ шығып жатқандары да бар екені жұртқа мәлім.Теріс ағымды насихаттайтын ел аумағындағы сайттар сот шешімімен жаппай жабылып жатқанымен серверлері шетелде орналасқан экстремистік ресурстарды бұғаулау қиындық туғызып отыр.
источник:ktk kz