Қанат Ислам наурыздың ортасында рингке оралып, бірнеше кездесу өткізеді

0
87

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам биылғы жылы 4-5 кездесу өткізетінін айтты. Бұл туралы боксшы «Қазақстан» арнасындағы «Таңшолпан» бағдарламасына берген сұхбатында хабарлады.
Сондай-ақ боксшы өзінің кәсіпқой рингтегі кезекті 19-шы кездесуін наурыз айының ортасында өткізбек, деп жазады boxingnews.kz.

«2015 жылдың мен үшін маңызы зор. Мен наурыз айының ортасында 19-шы кездесуімді өткіземін. Қазір соған дайындалып жатырмын. Осы жылда барлығы 4-5 кездесу өткізсем деп жоспарлап отырмын. Қазір мен WBA рейтингі бойынша 7-ші орында тұрмын және 5-ші позицияға дейін көтерілуге мүмкіншілігім бар. Егер мен 5-ші позицияға жетсем, чемпиондық белбеу үшін күресуге мүмкіндік туар еді», — деді боксшы.

Еске сала кетейік, Қанат Ислам әуесқой бокста Бейжің Олимпиадасының қола жүлдесін алған соң, елге оралып, кәсіби боксқа ден қойды.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз