Оралда Қазақстанда жасалған ұшақ ұшырылды

0
62
Оралда Қазақстанда жасалған ұшақ ұшырылды
Оралда жергілікті өндірушелр шығарған ұшақ аспанға ұшырылды. Қуаты 700 жылқының күшіне тең ұшақ американдық Lancair фирмасымен бірлесіп жасалған.«Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» акционерлік қоғамының бас директоры Әліби Ахметжановтың айтуынша, тәжірибе ретінде бірінші ұшақты жасауға үш жылдай уақыт кеткен.Lancair IV ұшағы — турбовинтті двигателі бар, көмірсутегі материалынан жасалған, ұшу қабілеті жақсы Қазақстандағы алғашқы ұшақ. Бұған мемлекет тарапынан қаржы кетпеген.Мамандардың нақтылауынша, тапсырыстың түсуіне қарай мұндай ұшақты бір айдың ішінде құрастыруға болады.

Қуаты 700 жылқы күшіне тең ұшақ сенімді, үш жолаушыға есептелген. Ұшақ 2 мың шақырымға ұшып бара алады, жылдамдығы — сағатына 500 км. Ол сағатына 160 литр жанар май жұмсайды.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз