Айова Университетінің мамандары 1600 астам студенттен әлеуметтік желі туралы сұрастырды. Белгілі болғандай, қарым-қатынас жасау мен қолдау үшін Facebook-ті пайдалану көпшілікке жақсы баға алуға көмектескен, деп хабарлады meddaily.ru.Ғалымдар Facebook-те отыруға кететін уақыт және өзге де жақтарын зерттеп көрген. Facebookтің сілтемемен алмасу, достармен қарым-қатынаста болу сынды кей функциялары жақсы оқу үлгерімдерімен байланысты болып шықты.Сайтқа кіру емес, студенттердің оған қандай мақсатпен кіретіні оқу үлгеріміне әсер етеді. Яғни, Facebook-те тым көп уақытын кетіретін баланың нашар бағалары әлеуметтік желіге еш қатысы жоқ. Егер бұл бала Facebook-ке кіруді доғарса, оның назары өзгеге ауады. Ғалымдар ата-аналарға балаларда өзін-өзі реттеу қабілетін дамытуға кеңес береді.