
«Бұл жыл роботтар революциясы кезеңінің басы болуы керек», – деді Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэ.
Роботтар Жапонияның қарияларына көмектесетін болады, деп хабарлады Day.Az Lenta.ru агенттігіне сілтеме жасап. Осылайша олар тұра алмайтын науқастарды тасымалдауға және медициналық қызметкерлерге көмектесуге жұмылдырылады. Жаңа роботтар біртіндеп кей жұмыстарда адамның орнын басады.
Бағдарламаны жүзеге асыруды үкімет 2020 жылы Жапонияда өтетін Олимпиада ойындарына орайластыруды тапсырды.
Қазір осындай мақсаттарға елде шамамен бес миллиард доллар бөлінеді.
Ақпарат көзі: inform.kz