McDonald’s-тың пайдасы 21 пайызға кеміді

0
64

 

Әлемге әйгілі McDonald’s шығынға батып жатыр.Былтырғы жылдың соңғы ширегінде компанияның пайдасы 21%-ға кеміді. Сөйтіп, әдетте 3 айда шамамен 1,5 млрд таза пайдаға кенелетін McDonald’s 300 млн доллардан қағылды. Жалпы компанияның 2014 пен 2013 жылғы қорытынды есебін салыстырғанда, былтырғы көрсеткіштер біршама төмен болып шыққан. Бұған өткен жылғы McDonald’s-тың атына кір келтірген даулы оқиғалар себеп болған сияқты. Атап айтсақ, Қытай мен Жапониядағы бөлімдерде бірнеше рет тағамның ішінен бөгде заттар табылды. Венесуэлада картоп тапшылығы кері әсерін тигізді. Ал Ресейдегі бөлімдерде талай рет жарық сөніп, адамдардың сеніміне селкеу түсірген болатын.

источник: Kazakh TV

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз