Криштиану Роналду матч кезінде қарсыласын ұрып тастады

0
65


Мадрид қаласының «Реал» клубының ойыншысы Криштиану Роналду Испания чемпионаты аясында «Кордова» командасымен болған ойын кезіндегі тәртібі үшін 12 матчтан шектетілуі мүмкін.

Бұл туралы Vesti.kz спорт порталы sport.es ресурсына сілтеме жасап хабарлайды.

Төреші Роналдуға ойынның 82 минутында ескертусіз қызыл қағаз көрсетті. Португал қызу талас кезінде қарсылас командасының бір футболшысын, кейін екінші ойыншыны ұрған.

Матч 2:1 есебімен «Реал» командасының жеңісімен аяқталды.

Еске сала кетейік, осы жылдың 13 қаңтар күні Криштиану Роналду «Алтын доп» жүлдесін иеленген еді.

Ол осылайша 37,66 дауыс жинап, Лионель Месси (15,76) мен Мануэль Нойердің (15,72) алдын орады.

«Реал» футбол клубының және Португалия құрамасының футболшысы осымен үшінші рет «Алтын доп» жүлдесін алып отыр.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз