Мұхаммед Әлидің былғары қолғабы бәссаудаға шығарылады

0
46

Бокс әлеміндегі дара тұлға, 1974-1978 жылдары аралығында ауыр салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы Мұхаммед Әлидің чемпиондық титулды алғаш рет қорғаған кезде киген былғары қолғабы бәссаудаға шығарылады, деп хабарлады Associated Press.

Сауда 21 ақпанда Нью-Йорктегі Heritage Auctions аукцион үйінде өткізіледі. Ол миллион доллардан астам қаражатқа бағаланады деп күтілуде.

1965 жылы 25 мамырда Кассиус Клей атымен шығып жүрген ауыр салмақтағы Әли осы қолғапты киіп атышулы Сони Листонды жеңген. Бірінші кезеңде Әли қарсыласын нокаутқа жіберген болатын.

Бұған дейін де 2014 жылдың тамызында Кливлендтегі бәссаудада Әлидің Джо Фрейзермен кездескенде киген қолғабы сатылған болатын. Белгісіз біреу бұл лотты 388,3 мың долларға сатып алған .

Назерке Тоғжанова

Дереккөз: ҚазАқпарат

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз