14 жастағы қазақ футболшыcы Францияны мойындатты

0
359

photo_64821

14 жастағы қазақстандық футболшы Мирас Бостанов француздың U.G.A Lyon балалар мен жасөспірімдер клубын мойындатты, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Футбол клубының директоры Араик Адамянның айтуынша, Мирастан күтілер үміт көп. Жас ерекшелігіне қарамастан ол ересектер құрамасында да бір деңгейде ойнайды.

Кіші команда көшбасшысы,әрі бомбардир Мирас алғаш футболға деген маңызды қадамын 2010 жылы «Локомотви-Юниор» спорт мектебінен бастайды. Өзін оң қырынан танытады, аз уақыттың ішінде осы академияның бірінші командасының құрамына кіреді.

Ал 2013 жылы Францияның Юрий Джоркаефф басшылық ететін U.G.A Lyon футбол командасы Мирас Бостановты бақылау-сынағына шақырады. Нәтижесінде, біздің футболшы сол елде жаттығуға қалып қояды..

Клуб директоры Араик Адамян: Оның спорттық әлеуеті бар, керемет футболшы болуға мүмкіндігі бар. Қазіргі уақытта 15 жаста болса да 18 жастағы футболшылармен бірге ойнап жүр. Команданың көшбасшыларының бірі әрі бомбардир. 15 жастағылардың арасында өткен чемпионатта 8 гол соғып, нәтижелі бес пас берді. Біздің клуб Лионда атақты, себебі оның президенті Юрий Джоркаефф. Мирас кәсіби футболшы болады деген үмітіміз бар».

Және де клуб директоры Адамян мырза Бостановтың болашақта Қазақстанға пайда әкелуі мүмкін екенін және жастар құрамасында да ойнай алатынын айтты.

Біз де үміттенеміз..
Мирас Бостанов елге оралып қазақ футболын алға жетелейді деп..
Қазақ еліне де Рональдо, Мессилер керек!
Ләйім солай болғай!

Назерке Тоғжанова

Дереккөз:Vesti.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз