Burger King мейрамханасы тамақ сатып алған әйелге 2,6 мың доллар берген

0
356
burger
Америкадағы Нью-Гэмпшир штатының Рочестер қаласындағы Burger King мейрамханасының қонағы асқа тапсырыс беріп, оның орнына ақшасы бар дорбаға ие болды, — деп хабарлады «Вести.Ru».
Джанелл Джонс автодәмханадан тамақ сатып алмақ болған. Көлігімен тағамды сататын жерге келіп бургер мен сусынға тапсырыс берген. Дорбаның бетін ашып көрместен ала салып, ол ары қарай жол тартқан.Кейін тамақтанбақ болғанда Джонс дорбадан 2,6 мың долларды көрген. Ақша арнайы конвертте болғанына қарағанда, қызметкерлер оны банкке тапсыруға дайындаған көрінеді.

Күйеуімен ақылдасқан әйел ақшаны Burger King-ке қайтаруды ұйғарған. Burger King мейрамханасы да мұндай жағдай болғанын растады, алайда ақша дорбаның ішіне қалай түскенін түсіндірмеді. Ақшаны қайтарған әйел бес рет тегін тамақтану мүмкіндігіне ие болды.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз