Ақбота Керімбекова өнерді керексіз адамдардан тазалағысы келетінін айтты

0
42

Әнші Ақбота Керімбекова қолына билік тиіп жатқан күнде, өнерді дарынсыздардан тазартқысы келетіндігін айтады. Ол – шынайы дарынды, нәзіктік пен пәктікті, адалдықты көксейді деп жазады baq.kz.
«Өнер жолы — ауыр жол. Сахнаның киесі бар дейміз. Содан именгеннен де болар, қасиетті өнерге барымызды саламыз. Сүрінбек жолында тырбанып-талпынасың, таусыласың, күресесің, күрсінесің», — дейді әнші.Өзінің өнердегі жолы туралы сыр шерткен Керімбекова қазіргі эстрада туралы да пікірін білдірді.

«Бүгінгі шоу-бизнеске мүлде көңілім толмады. Қарыңды ашытатын дүниелер өте көп. Халық — қашанда айна. Сапасыз әндер көбейіп кетті. Өнерді шынайы дарынына қарап емес, үлде мен бүлдесіне қарап бағалайтын хәлге жеттік. Өнерде жүрген жандар ішіндегі бәсекелестік те сол бағалы көйлектер мен әшекей бұйымдар айналасында өрбуде», — деді Ақбота.

Егер ол қолында билік болса, өнерді дарынсыздардан тазартқысы келетінін айтқан.

«Шынымды айтсам мені ел саясаты қызықтырмайды, тек Алладан ұдайы елдің тыныштығын тілеймін. Оған бас қатырып жатқым келмейді. Егер, қолыма билік тисе, алдымен өнерді тазалағым келеді. Өнерді ақшамен, сәнмен өлшейтін дарынсыздардың көзін құртатын едім, әуелі», — деді әнші.

Сонымен қатар, Ақбота Керімбекова әлеуметтік желілерге қатты қызықпайтынын да жасырмады.

«Әлеуметтік желілерге көп қызығушылығым жоқ. Инстаграм, уатсап дегендерде арасында отырамын. Бірақ, жиі емес. Осыларға арасында бас сұққанымда бір-бірімен фотоларын жарыстырған жандарды көремін. Ал өзім туралы, жеке өмірім туралы айтылған сөздерге шынымды айтсам бас қатырып жатпаймын. Себебі, әр адам өзінің әлін өзінше шамалайды және не істеп жүргенін біледі», — деп аяқтады өз ойын әнші.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз