Жаңаөзен тұрғыны туысқан сіңлісін зорлағаны үшін күйеу баласын сотқа берді

0
72

Жаңаөзен қаласының 55 жастағы тұрғыны қалалық ІІД хабарласып, 25 жастағы күйеу баласының үстінен шағым түсірді.

Жаңаөзен тұрғыны туысқан сіңлісін зорлағаны үшін күйеу баласын сотқа берді
Ол 14 жастағы әйелдің жақын туысқан қызымен жыныстық қатынаста болған деп жазады lada.kz. Шағымданушының сөзіне қарағанда, бұл оқиға әйел үйде жоқ кезде орын алыпты.

Үйге қонаққа келген күйеу баласы қайын енесінің үйден шығуын өзінің арам ойын жүзеге асыру үшін пайдаланған.

Бүгінде аталған факт бойынша іс қозғалып, «16 жасқа толмағандармен жыныстық қатынасқа түсу» бабы бойынша іс қозғалды.

2015 жылдың қаңтарынан бастап кәмелетке толмағандарды жыныстық қатынасқа мәжбүрлегендерге қатысты заң күшейді.

Полицияның хабарлауынша, енді жымысқы ойын жүзеге асырғандар 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Источник: NUR.KZ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз