Қазір аяғымен емес, аузымен жүретіндер көбейіп тұр… Сырым Абдрахманов деген біреу қазір парламентте ең белсенді жұмыс істеп жатқан «Ақ жол» партиясының әрбір істеген ісін жоққа шығарғысы келіп, тырнақ астынан кір іздеуге көшіпті… Оның не үшін «Ақ жолға» тас лақтыруға құмар екенін ел жақсы біледі. Ол өзі ойлайтын шығар, ешкім ешнәрсе білмейді деп… Ұлтарнаның белгілі журналисі, Нұрмұхаммед Байғара, саясаттанушы ғой, бірден үстінен түсіпті. «Сәкең кешелі бері Азат Перуашевтың артына шырақ алып түсті! Компроматтарды біреу э-мэйлға жіберіп тұр-ау. Чей заказ? )))))»- деп қатырыпты. Дәл маңдайдан тиген ауыр соққыдан есеңгіреген Абдрахманов байғұс ұсталып қалғанына ақталып, шырылдап, ойбайлап кетіпті. Мақсат Жақау, Ләйлім Марат, Ерлан Қондыбаевтар да Сырымның сырын ашып беріп, жақсы тойтарып тастапты… Олар Сырымның не үшін «Ақ жолға» жиі тиісетінін аңғартып, егер жалғаса берсе, негізгі мәселеге көшіп, онда Сырымның сыры ашылып, жауап беруге Сырымның өзі емес, тасадағы «негізгі кейіпкер» шығуға тура келетінін бұл «бала» біле ме екен… Яғни, Сырымның сыры елге мәлім деген сөз…
Ал енді Сырым Абдрахмановтың өз сауалнамасын өзіне «қуырып беріп» көрейік.
Сырым Абдрахманов не үшін «Ақ жолға» тас лақтыруда?
1. Иесі мықты болғасын тапсырысты дұрыс орындау міндет.
2.Біреуді жамандағаның үшін алатын бес-алты теңге артық болмайды.
3. Кемшілігіне байланысты партиядан кеткен әкесі үшін баласы жауап береді.
4. Пілге үрген кәнден өзін күшті сезінеді.
5. «Атың шықпаса, жер өртеп» шығару керек.
6.Ешкім елемей қойған соң, бірдеңе деу керек болды…
Тағы қандай нұсқа болуы мүмкін, жалғастыра беріңіздер.
Махамбет Ерғали,
Фейсбук парақшасы