Алматыда жүргізуші жаяу жүргіншілер өтпесінде бойжеткенді қағып, қашып кетті

2
67

Алматыда белгіленген жаяу жүргіншілер өтпесінде бойжеткенді қағып кетті. Аталмыш жол апаты түнгі сағат он бірлер шамасында Алмалы ауданында орналасқан Құрманғазы мен Шәріпов көшелерінің қиылысында болған.

Бұл туралы Алматы арнасы «Куәгер» бағдарламасы хабарлайды.

Жүргінші жол қиылысынан өтіп бара жатқан. Әзірге анықталмаған көліктің жүргізушісі қызды қағып кетіп, оқиға орнынан ізін суытты.

Соққының қатты болғаны соншалықты, жүргінші жолдан бірнеше метр жерге ұшып кеткен. Шұғыл медициналық көмек көрсету мақсатында дәрігерлер оны жақын маңдағы ауруханаға жеткізген.

Ал әкімшілік полициясының қызметкерлері жол апаты орнынан қашып кеткен жүргізуші мен оқиға куәгерлерін анықтауда.

По сообщению сайта Nur.kz

2 ПІКІРЛЕР

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз