ШАРДАРАЛЫҚ ЧЕМПИОНДАР ӘЛЕМДЕ БІРІНШІ ОРЫНДЫ БЕРМЕЙ ТҰР!

Кейінгі оншақты жылдың бедерінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы шалғайдағы шағын Шардара ауданының қол күрес балуандары әлемде бірінші орынды ешкімге бермей келеді! Бұл құрыш білек балуандарды қол күресінен әлем чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Шардара аудандық спорт басқармасы басшысы Арман Қарсыбаев жаттықтырып келеді. Тіпті -қазақ қыздары арасында тұңғыш Әлем чемпионы да шардаралық Жазира Ақбаева!

Соңғы жаңалық – армрестлинг спортынан Корей еліндегі командалық жарыста Қазақстан 5-0 есебімен таза жеңіске жетті. Ал жекелей шыққан шардаралық әлем чемпионы Қыдырғали Оңғарбаев (жоғарғы және төменгі суреттерде) қатарынан 37!.. -кәрісті түгел жапырып шықты!Міне, қазақ жігіттерінің күштілігі! Алашты армрестлинг арыстандарына Алла жар болсын!
Қазыбек ИСА
qazaquni.kz


