Қайрат Нұртас жас отбасыға көмек көрсетті

0
117

Әнші Қайрат Нұртас жас отбасы Әбдірайымовтарға сыйлық тарту етті. Өнер жұлдызы отбасының барлық мүшелеріне гаджет пен теледидар сыйлап, ал кішкентайларды ойыншықтармен қуантты деп, хабарлайды ztb.kz сайты.

Қайрат Нұртас жас отбасыға көмек көрсетті

20 жастағы Ербол Әбдірайымов білдей бір отбасыны жалғыз өзі асырап отыр. Ол күнкөріс қамы үшін күзетші және таксист қызметтерін қатар атқарып нәпақа табады және бизнес колледжінде білім алады.

Оның 4 қарындасы бар. Ең кішкентайының жасы үште. Ата-аналары қайтыс болғаннан кейін, қарындастарына қамқорлықты өз мойнына алған.

Ербол басына түскен материалдық қиындықтарға қарамастан қарындастарын балалар үйіне беруден бас тартқан.

«Бір-бірлерімізге көмектесейік, жақсылық жасайық. Ербол, бауырым ешқандай қиындықтарға қарамастан, өз қарындастарын қанатынын астына алды. Оған Алла жар болсын!», – деп жазды Қайрат Нұртас өзінің инстаграм парақшасында.

Еске сала кетсек, Қайрат Нұртас елімізге  ең танымал әншілердің бірі. Оның орындауындағы әндер үнемі хитке айналып жатады. Ал өзінің жеке шығармашылық кештерінде концерттің билеттері алдын-ала сатылып кетеді. Әнші қайырымдылық шараларымен айналысып, көбінде кішкентай ауру балаларға көмек көрсетеді.

Источник: NUR.KZ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз