Қазақстан Шығыс Украинадағы жағдайға алаңдаушылық білдірді

0
38

Украинадағы қақтығыстың ушығуына байланысты, әсіресе, бейбіт тұрғындардың қаза табуына әкелген атыстарға ерекше алаңдаушылығымызды білдіреміз, деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Қазақстан Шығыс Украинадағы жағдайға алаңдаушылық білдірді
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі

«Украинаның оңтүстік-шығысындағы дағдарысты жағдайды реттеуде бейбіт келіссөздерден басқа жол жоқ екеніне кәміл сенімдіміз», – делінген дүйсенбі күнгі жасаған СІМ ресми мәлімдемесінде.

Қазақстанның Сыртқы саясат ведомствосы тараптарды қақтығысты жағдайды барлық қатысушылар өз мойындарына алған міндеттерді орындауға, соның ішінде Минск келісімдерінде көзделген міндеттерге негізделген бейбіт жолмен шешуге шақырды.

Министрлік Қазақстан өз кезегінде украиндық дағдарысты реттеу мақсатында тараптарға қолайлы кез-келген форматта және кез-келген уақытта келіссөздер өткізу үшін өз алаңын ұсынуға дайын екенін де білдірді.

Бұрын хабарланғандай, 24 қаңтарда Мариупольдың тұрғын үй кварталдарын атқылау нәтижесінде 30 адам қаза болып, 95 адам жараланды.

Источник: КазТАГ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз