Ресейден көлік таситын қазақтарды рэкеттер тонаған

0
411
Ресейден көлік таситын қазақтарды рэкеттер тонаған
Ресейден келетін автокөліктердің «ұлы көші» әлі де толастар емес. Соңғы уақытта «Қазақстаннан келіп, көлік алған азаматтарды рэкет тонап жүр, тіпті бірнеше қазақстандық азаматты өлтіріп, машинасын алып қойды» деген әңгіме жиі айтыла бастаған.
Жыл басынан бері қазақстандықтар көрші елден мыңдаған көлікті айдап әкеліп үлгерді. Ал ресейліктердің бұл жағдайға үйренгені сонша, ол жақтың жол полициясы жерлестеріміздің трассамен машина айдап бара жатқанын алыстан-ақ біліп, байқап отырады. Олар қылмыстық топтардың көзіне де іліккен деседі.Бүгінде Ульяновск, Тольятти мен Самара жақта жол торығыш рэкеттің дәурені жүріп тұр. Олар Самара-Орал бағытындағы А-300 аймақтық тас жолына түсетін қазақстандықтарды тоқтатып тонайды деген алып-қашпа әңгіме бар. Рэкет өзге елден келген азаматтардың машина айдап бара жатқанын көлік нөмірінен біліп отырады екен. Ресейде автомобильді тіркеуден шығарған кезде сары түсті транзиттік нөмірлер беріледі. Қылмыстық топтар осындай көліктерді нысанаға алатын көрінеді.

Бұқаралық ақпарат құралдарында рэкетке тап болған бір-екі адамның пікірі жүр. Олардың айтуынша, жолда көлікті тоқтатып, ақша талап еткен басбұзарлар болды. Бірақ рэкет үшін ондай басбұзардардың «сұрайтын бағасы» тым төмен екен

«Мен өзім Самара жақпен жүріп көрген емеспін. Ол жақпен Орал мен Ақтөбенің азаматтары көлік тасымалдайды. Бірақ рэкеттің бар екенін естідім. Олардың бізді транзиттік нөмірлер арқылы танитынын да білемін. Сол себепті сатып алған машинамды бірден тіркеуден шығарған жоқпын. Ресейде көлікті кез келген жерде тіркеуден шығаруға мүмкіндік бар. Содан мен жергілікті нөмірмен жүріп келдім де, шекараға жақын қалаға кіріп, тіркеуден шығарып алдым. Сосын тыныш қана Қазақстанға өтіп кеттім. Сақтықта қорлық жоқ», — дейді Астана қаласының тұрғыны Алмас Тұрсынов.

Ресей жерінде тоналған қазақстандық көлік жүргізушілері туралы нақты ақпарат жоқ. Алайда бұқаралық ақпарат құралдарында рэкетке тап болған бір-екі адамның пікірі жүр. Олардың айтуынша, жолда көлікті тоқтатып, ақша талап еткен басбұзарлар болды. Бірақ рэкет үшін ондай басбұзардардың «сұрайтын бағасы» тым төмен екен.Трассамен емін-еркін өткеніне 2-ақ мың рубль (6000 мың теңге) сұрапты. Демек, оларды рэкет емес, әшейін бұзақылар деп айтуға әбден болады. Соңғы кездері «Ресей жеріндегі рэкет көлік айдап бара жатқан бірнеше қазақстандық азаматты өлтіріп, машинасын алып қойды. Қазір оларды туған-туыстары іздестіріп жатыр» деген өсек-аяң да тарала бастады. Алайда бұндай ақпаратты Қазақстанның ресми органдары растамады.

Демек, қазақстандықтардың көрші елде машина сатып алып, жолда рэкеттің қолынан қаза тапқаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бүгінде ол ақпаратты отандық автосалондар әдейі таратып жатыр деген пікір баршылық.

«Меніңше, отандық автосалондар рэкет туралы жалған ақпаратты әдейі таратып жүр. Оны естіген адам Ресейге баруға қорықпай ма? Ал ол жаққа баруға қорықса, көлікті өз жерінде алуға мәжбүр болады. Иә, оны мәжбүрлік деп айтуға болады. Себебі Ресей мен Қазақстандағы көліктердің баға айырмашылығы жер мен көктей. Әрине, басқа елге ақшамен барғаннан кейін қорқыныш болады. Сосын алаяқтардың қолына түсіп қалмау қажет. Ал, ең бастысы, жолда барынша абай болып, жол-көлік апатына түсіп қалмау маңызды. Сонда ғана мәжбүрліктен құтылып, пайда көруге болады», — дейді Астана қаласының тұрғыны Әлібек Жүнісов.

Дегенмен де мұндай жалған қауесет таратып жүрген адамдар заң алдында жалтарып кете алмасы анық.

По сообщению сайта Nur.kz

Поделиться

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз