Алматы облысында сабақ уақытында ауыр жарақат алған оқушы үш айдан бері сабаққа қатыспаған

0
491
Алматы облысында сабақ уақытында ауыр жарақат алған оқушы үш айдан бері сабаққа қатыспаған
Алматы облысы Қарасай ауданында алтыншы сынып оқушысы сабақ барысында ауыр жарақат алып, оқу процесіне үш айдан бері қатыса алмай келеді.Анасының айтуынша, соққы алған қыз бала жиі талып қалады екен деп хабарлайды 31 арна.

Сабақ барысына салғырт қарады деп мұғалімдерді айыптаған ана қызын емдеуге материалдық көмек сұрап сан мәрте мектепке де барыпты.

«Басында мұғалімдерге айтқанмын,  маған көмек беріңіздер. Мен сіздерден басқа ештеңе сұрамаймын», — дегенімен дейді Асылдың анасы.

Жалғыз баласы алған жарақан жанына батып, көз жасын көл қылған ана қызым мүгедек болып қалады ма деген қауіпте.

Үш айдан бері Асыл білім алған мектеп табалдырығын тоздырған Толқын Мақұлбекқызы амалым таусылды дейді. Алғашында мектеп басшылығы ешкімге дабыра қылмаңыз, емдеу шараларын толықтай өз мойнымызға аламыз дегенін айтады. Ал жарақат алған қаршадай қыз соққы алған күнді жақсы біледі.

«Қасымдағы досым екеуміз сурет салып отырғанбыз. Сосын ол столды қимылдата берді. Қой деп айтқан едім, ол  мені итеріп жіберді. Сосын мен құлап қалдым», — дейді 6 сынып оқушысы Асыл Арқабай.

Асылдың анасы бүгін кезекті мәрте мектепке келді. Бұл жолы қызын ауруханадан алған бойда осында жол тартыпты. Қолындағы бір бума қағаз дәрі-дірмек тізімі мен 12 жасар қыздың сырқатына қатысты қорытындылар. Дәрігерлер Асылдың 1 жылға дейін денсаулығына байланысты сабақтан босатылатынын айтқан.

«Көмектескен ештеңесі жоқ. Балам үш ай болды, сабаққа бармайды, үйде отырады. Құлағаннан кейін талмасы ұстап қалатын болды. Біз баланың денсаулығына байланысты дәрі-дірмегін мектеп мойнына алса дейміз», — дейді Асылдың анасы Толқын  Әділбекова.

Ал болған жайтқа жауапты мұғалім Асылдың емделуіне көмектескенін айтады. Тек одан ары материалдық қолдау көрсетуге шамасы жетпейтінін білдірген.

«Бұл кісі платный болған соң ақшалай бересіз деді. Оны да бердім. Мектеп жиналып елу мың, осы қаңтардың 22 күні ғана бұл ксі 30 мың тағы алып кетті. Жалпы сомасы мың долларға жетті», — деді бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Дтнара Мұратбекқызы.

Келеңсіз жағдай орын алған уақытта сабақтан сыртқа шығып кеткен ұстаз жарақат алған оқушыға бұдан ары қарай емдеу шараларына ешқандай көмек көрсетпейтінін мәлімдеді. Ал он екі жасар Асылдың анасы ешқандай көмек болмаса, сотқа жүгінетінін жеткізді.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз