ҚР ҰҚК шекара қызметінің экс-басшысы Нұрлан Жоламановқа қатысты сот отырысы басталды

0
319
ҚР ҰҚК шекара қызметінің экс-басшысы Нұрлан Жоламановқа қатысты сот отырысы басталды Н.Жоламановқа қылмыстық топ ұйымдастырған және ірі көлемдегі пара алды деген айып тағылып отыр. Прокурордың мәлімдеуінше, қылмыстық топ мемлекетті 252 млн теңге көлемінде шығынға батырған. Қазіргі уақытта куәгерлерден жауап алу басталды. Өз жауабында ҚР ҰҚК ШҚ-ның бас қаржы басқармасының басшысы Нұржан Килибасов экс-басшының мемлекеттік сатып алуларға қатысқан кәсіпкерлерден пара алғандығының көптеген фактілері жайында айтып берді. Сот тыңдауы барысында Н.Жоламанов өзіне тағылған айыптарды мойындамайтынын айтты. Сондай-ақ, сот алдында ірі көлемде пара алуда айыпталған №2458 әскери бөлімінің командирі Қайрат Балғамбетов те шықты. Ол өзіне тағылған айыптардың барлығын мойындады. Авторы: Иван ТулиновИсточник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/basty-zha-aly-tar/item/47095-sot-bastaldy

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз