Қазақстанның алты облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланды

0
318

27 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстарында жол қозғалысы шектелді, деп хабарланды ІІМ ТЖК ресми сайтында.

Қазақстанның алты облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланды

Ақмола облысында «Екатеринбург-Алматы» автожол учаскесінде (1275-1353км) дизель және жолаушы автокөліктеріне қозғалыс тоқтатылды.

Ал Қарағанды облысы бойынша барлық бағытқа барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды. Қызылорда облысында «Кызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасына дейінгі» (12-216 км) учаскеде дизель және жолаушы автокөліктеріне қозғалыс тоқтатылды.

Сондай-ақ, Павлодар облысы бойынша Шідерті және Баянауыл, Қарағанды облысы шекарасына дейін дизель және жолаушы автокөліктеріне қозғалыс тоқтатылды.

Источник: ИА «Казинформ»

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз