Оралда жүргізуші 20 градус суықта шешініп тастап отырды

0
415

Оралда көлігін айып тұрағына апармаймын деп қасарысқан жүргізуші көше ортасында байбалам салды. Қақаған аязда шешініп тастаған ол осылайша полиция қызметкерлеріне наразылығын білдірді, деп хабарлайды КТК арнасы.

Оралда жүргізуші 20 градус суықта шешініп тастап отырды

Азаматтың мойнында жалпы көлемі 100 мың теңгеден асып кеткен 8 айыппұл бар екен. Бірақ өзі жұмыссыз болғандықтан төлейтін ақшасы жоқ.

Айтуынша, айып тұрағына қойылатын көлігі отбасын асырап отырған жалғыз табыс көзі екен. Соны полиция қызметкерлеріне бермеймін деп қарсыласқан ол алғашында ешкімге ырық бермеген. 20 градус суықта шешініп тастап, дірдектеген күйі далада отырып алған.

Бірақ полиция ақыры алды-артына қаратпай, дедектетіп сүйреп әкетіп, айтқандарына көндірді.

«Әрбір үшінші не төртінші жүргізуші жауапкершіліктен құтылу үшін осылай істейді. Алайда, ешқайсысы да жазадан құтылған емес. Бұл кісі де айыппұлдарын төлемейінше, көлігін айып тұрағына әкетеміз», – дейді  БҚО ІІД инспекторы Динара Абдолхалықова.

Жүргізуші мойнындағы қарызын мемлекетке қайтармайынша, көлігі айып тұрағында болмақ.

Источник: КТК

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз