Қамаудағы Мұрат Оспанов тергеу кезінде қорлық көргенін айтты

0
51

Мұрат Оспанов қаржы полициясының зәбірлеп, қорлық көрсеткені туралы айтты. Кезекті сот отырысында түсінік берген Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұрынғы басшысы: «тергеушілер ұрып-соқты, әбден жәбірледі, қорықтым», – деп судьяға шағымданды, деп хабарлайдыКТК арнасы.

Қамаудағы Мұрат Оспанов тергеу кезінде қорлық көргенін айтты

Оспановтың айтуынша, қаржы полицейлері оның қолына кісен салған сәттен бастап, соққының астына алып, қан-жоса еткен көрінеді.

Кейін тергеушілер «өзім құлап қалдым» деп жазып, қол қоюға мәжбүрлепті. Олардан әбден жүрегім шайлығып қалды деген экс-шенеунік процес барысында «пара алмадым, айыпты емеспін» дегенді де қайталаумен болды.

Мұрат Оспанов былтыр шілдеде «Атырау жарық» компаниясынан электр энергиясының құнын көтеру үшін 300 мың доллар пара алды» деген күдікпен ұсталған еді.

Экс-шенеунік болса, өзіне шаң жуытқан емес. Айтуынша, ақшаны кәсіпкер досынан ұлының үйлену тойын жасау үшін қарызға алған көрінеді.

Источник: КТК

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз