
Құрылыс отрядының бригадирі қауіпсіздік ережелерін сақтамаған. Нәтижесінде адам абайсызда арыққа құлап мерт болған.Жамбыл аудандық соты В.Боровикке қатысты қылмыстық іс қарады деп, хабарлайды Алматы облысы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Алматы арнасы.
Іс материалдары бойынша, 2014 жылдың қыркүйек айының 15-ші жұлдызында құрылыс бригадасы бір елді мекенде арық қазу құрылыстық жұмыстарын жүргізген.
Жұмыс соңында бригадир қазылған арықты керекті қоршау және қажетті белгілерсіз, қауіпсіздік талаптарын сақтауға ешқандай шара қолданбай, құрылыс орнынан кетіп қалған.
Сол түні ауыл тұрғыны, өзіне төнген қауіпті байқамай, қоршаламаған арыққа құлап, өміріне қауіпті аса ауыр жарақат алғандықтан, сол жерде қайтыс болған.
Жамбыл аудандық сотының үкімімен В.Боровик қылмыстық кодекстің 277 бабының 2 бөлігімен кінәлі ретінде танылып, 2 жыл бас бостандыған айырылды.
По сообщению сайта Nur.kz