Әйел шекарадан 1 тоннадан астам дәрі-дәрмекті заңсыз өткізбек болған

0
380
Әйел шекарадан 1 тоннадан астам дәрі-дәрмекті заңсыз өткізбек болған
Еліміздің шығысындағы қазақ-қытай шекарасында орналасқан «Қорғас» бақылау-өткізу бекетінің бақылаушылары 1 тоннаға жуық дәрі-дәрмек контрабандасының жолын кесті.Бұл туралы ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.

«Жасы 32-дегі әйел адам бір тоннадан астам дәрі-дәрмекті елімізге заңсыз жолмен өткізуге әрекеттенгені үшін ұсталды», — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ұсталған жүк бақылау-өткізу бекетінде.

Әйелдің үстінен қылмыстық кодекстің 234-бабының 1-тармағы бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз