Қазақстанның қор биржасында Қытай юанына сұраныс артты

0
381
Қазақстанның қор биржасында Қытай юанына сұраныс артты
Қазақстан қор биржасында Қытай юанына сұраныс артты. Оған КАSЕ-де валюта сатылымының артуы басты себеп деп, хабарлайды Алматы арнасы.Жалпы қор биржасына Қытай юані өткен жылы қосылған болатын. 4-ай ішінде оның сатылым көлемі 4 миллион 450 мың юаньды құраған. Қыркүйектен бері сауда көлемі 1 миллион 300 мыңға жетіпті.«Бір айлық сауда-саттық көлемі 1 миллион 150 мың қытай юанын құрап отыр. Соңғы сессияның жабылу кезеңінде 1 юань құны 29,46 теңге көлемінде болған. Ал ұсыныс 29,49 теңгені құраған», — деді «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамының бөлім басшысының міндетін атқарушы Әмір Болат.

Экономист-сарапшылар «қытай юанына сұраныстың жоғарлауы, оның әлемдік деңгейдегі беделінің артуында әрі доллар мен еуро бағасының құбылуында», — дейді.

Десек те, өткен жылы АҚШ доллары жалпы сауда-саттық көлемінің 99 пайызын еншілеп, көш бастап тұр.

По сообщению сайта Nur.kz

Поделиться

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз