Біздің Гена тағы бір бейнебаянның бас кейіпкері болды
Қазақ елін әлемге паш етіп жүрген боксшы Геннадий Головкин туралы Қазақстанда орыс тілінде бейнебаян түсірілді,-деп хабарлайды vesti.kz
« Жеңу үшін күш керек,
Чемпиондық, бұл әсте,
Іс бөлек..» деп басталатын бұл әннің аты «Гена Король», ал авторы Әлібек Аман және ЖекаDaWINchi. Бейнебаянада Головиннің жұдырықтасу сәттері көрсетіледі.
Еске сала кетейік, бұған дейін де Америкалық рэпер Марио Руиз WBA (Super), IBO және WBC Interim версиялары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкинге Mexican Style жаңа әнін арнаған еді. Ән қазақстандықтың боксшының мексика тарланы Марко Антонио Рубиомен рингта кездесу күні қарасаңында жарық көрген болатын. Жұдырықтасу Генаның жеңісімен аяқталып еді..
Енді міне, 21 ақпанда Монакода өтетін Геннадий Головкин мен ағылшын боксшысы Мартин Мюррей арасындағы жекпе-жек қарсаңында Гена батыр туралы тағы бір ән дүниеге келді. Жақсылыққа жорып, бұл жекпе-жекте де Геннадий Головин жеңіс тұғырынан тағы бір мәрте көрінер деп үміттенеміз.
Назерке Тоғжанова
«Қамшы» сілтейді