Күнтізбеге Қазақ мемлекеті күнін енгізу туралы ұсыныс жасалды

2
81
Күнтізбеге Қазақ мемлекеті күнін енгізу туралы ұсыныс жасалды
Бүгін  Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі брифингі барысында  Білім және ғылым министрлігінің Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры Хангелді Әбжанов Қазақ мемлекеті күнін күнтізбеге енгізу туралы ұсыныс жасады.
«Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту біздің үлкен-үлкен істерімізге, ізденістерімізге түрткі болған бір сәтті белес деп ұғып отырмын. Бұрын Қазақ Хандығының қай жылы құрылғандығы туралы пікірлер сан-саққа таралып, біз бұл 550 жылдық туралы айта алмаушы едік. Енді бүгінгі күні соған нүкте қойылды», — деді Әбжанов.Ол Қазақ мемлекеті күнін күнтізбеге енгізу туралы ойын одан әрі толықтырды.

«Осыдан біраз уақыт бұрын 25 қазан күні тойланатын «Республика күні» деген мереке болатын. Менің ойымша «Қазақ мемлекеті күні» деген мерекені күнтізбеге енгізу қажет сияқты. Бұл біздің мемлекетке деген құрметіміз, мемлекетке деген қызметіміз, бұл азамат, мемлекет, заң деген байланысты ілгерілетудің , нығайтудың бір тетігі болар еді. Осындай мереке Қазақстанға керек-ақ сияқты. Бұл датаны енгізгенде әңгіме той қууда емес, әңгіме сол датаны тойлай отырып, ойды, Қазақстан қоғамын тереңдетуде», — деді Хангелді Махмұтұлы.

По сообщению сайта Nur.kz

2 ПІКІРЛЕР

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз