Ресейдің арзан көліктерін Қазақстанға кіргізуге тыйым салынуы мүмкін

0
323

Ресейден келетін импортқа шектеу қоюы мүмкін. Үкімет осы елдің құс еті мен жұмыртқасына, құрылыс материалдары мен көліктерінің Қазақстанға тасымалдауына уақытша тыйым салуға оқталып отыр.

Ресейдің арзан көліктерін Қазақстанға кіргізуге тыйым салынуы мүмкін
Себебі орыс валютасының құнсыздануынан біздің кәсіпкерлер мол табыстан қағылып жатыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Үкіметті алаңдатып отырғаны – әсіресе Ресейдің арзан көліктері. Рубльдің құнсыздануынан көрші елдегі көліктің бағасы екі есе арзандап кеткені белгілі. Орыс валютасының құлдырауын Қазақстан тұрғындары тиімді пайдаланып соңғы 2 айда Ресейден 100 мыңнан астам машина сатып әкелген.

Мұнымен қоса, сырттан кірген темір тұлпарлар экологиялық Еуро-4 стандартына жауап беруі тиіс. Осыған орай, келесі аптада премьер-министр Кәрім Мәсімов Мәскеуге барып осы мәселелерді көтермек. Себебі көрші мемлекеттен ағылған арзан тауар отандық зауыттарды шығынға батырып жатыр.

«Бұл уақытша шара. Оның үстіне Еуразиялық экономикалық Одақ туралы келісімде сауда-саттыққа уақытша тыйым енгізуге болатыны жазылған. Үкіметте қазір жұмыс тобы құрылды. Біздің мақсат отандық бизнеске қолдау көрсету», – дейді  Кәсіпкерлердің Ұлттық Палатасының мүшесі Рақым Ошақбаев.

Источник: КТК арнасы

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз