Генерал Жоламановтың ағасы президенттен көмек сұрады

0
394

 

Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Нұрлан Жоламанов тергеу абақтысында болған уақытта соққыға жығылуы мүмкін деп хабарлады Жетінші арна.

Генерал Жоламановтың ағасы президенттен көмек сұрады
Генерал Жоламановтың туған ағасы Сатыбалды Жоламанов эксклюзивті сұхбат берді. Оның айтуынша, шекара қызметінің экс-басшысы 2014 жылы құны 200 млрд АҚШ долларын құрайтын контрабандалық тауардың жолын кескен. Ал, оның бұл ерлігі бақталастарына ұнамады,- дейді Сатыбалды Жоламанов.

«Нұрланда жиған дүниесі де жоқ. 40 жыл ішінде Кеңес үкіметіне, Ресейге одан кейін Отаны Қазақстанға адал қызмет етті. Мемлекет берген пәтерде тұрып келді. Коттеджі де жоқ. Сот залында түріне қарасам оны ұрған сияқты. Бет-аузы ісік. Біз 10 ағайындымыз. Онымыз да қант диабетімен ауырамыз, жүрегіміз нашар», – дейді Нұрлан Жоламановтың ағасы Сатыбалды Жоламанов.

Орынбор қаласынан арнайы келген Сатыбалды Жоламанов інісі Нұрлан Жоламановтың Ресейдегі бұрынғы әріптестері, қазір де лауазымды қызметтерде отырған генералдар мен полковниктердің елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа жолдаған үшбу хатын да ала келіпті.

Онда офицерлер Қазақстан президентінен істі өз бақылауына алып, ақ-қарасын айыруды өтінген. Ал шекара қызметінің бұрынғы директорына қатысты кезекті сот процесі ертең де жалғасады. Оған қылмыстық топ құрды және аса ірі көлемде пара алды деген айып тағылып отыр.

Источник: 7 канал

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз