Оралда өзін зорламақ болған таксистен қашып құтылған қыз аязда үсіп кетті

0
346

Оралда такси жүргізушісінен қорғанбақ болған бойжеткенді үсік шалып, ауруханаға түсті. Бұл туралы Мой городпорталына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Оралда өзін зорламақ болған таксистен қашып құтылған қыз аязда үсіп кетті
26 жастағы қыз баланы таксиші зорламақ болған. Жүргізушінің арам ойынан қорғанбақ болған бойжеткен амалын тауып, көліктен қашып шығыпты.

Алайда көлікте күртесі мен шалбарын, аяқ киімі мен іш киімін тастап кетеді. Ол өзін зорламақ болған еркектің құрсауынан құтылған соң киіміне қарамай жүгіре жөнелген.

Арамойлы жүргізушіден қашып құтылған қыз осыдан соң қытымыр аязда үсіп кетті. Нәтижесінде денесін үсік шалған қыз облыстық ауруханаға түсті.

Дәрігерлер бойжеткенді 2 және 3 дәрежелі үсік шалғанын айтады. Ал ІІД қызметкерлері таксистің қызды зорламақ болғанын растады.

Қазір медициналық сараптама жүргізілуде, мәселенің анық-қанығы әлі белгісіз.

Источник: NUR.KZ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз