Ресейде банк бастығының орынбасары үш қызметкерін атып өлтірді

0
263
 Ресейде банк бастығының орынбасары үш қызметкерін атып өлтірді
Ресейдің Благовещенск қаласында Орталық банк басқармасы бастығының орынбасары осы банктің үш қызметкерін атып өлтірген, деп хабарлайды РБК.Орталық банктің Амур облысы бойынша бас басқармасы бастығының орынбасары үш қызметкерді атып тастап, содан кейін өз өміріне өзі қол салған.Бұл туралы Ресей тергеу комитеті аймақтық тергеу басқармасының өкілі Алексей Лубинский хабарлады. Қайтыс болғандардың арасында екі әйел адам мен бір ер адам бар.

Әйелдердің бірі банк басқармасы бастығының орынбасары, екіншісі — банктегі бөлім бастығы болып жұмыс істесе, ер адам банк басқармаларының бірінің бастығы қызметін атқарған.

Бүгінде оқиғаға қатысты тергеу басталды.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз