Ол мүшелікке тағайындалуға өзінің ұсыныс жасамағанын айтқан.
«Мен өзім ұсыныс жасаған жоқпын. Жалпы әкімшілік өздері кандидат болуға лайықты деп санап, менен «іріктеуге қосуға бола ма?» деп рұқсат сұрады. Мен рұқсатымды бердім. Әрине, бұл күтпеген нәтиже болды. Іріктеуден өттім», — дейді Әли.
Әли Оқапов өзінің жаңа қызметіндегі міндеттерін де жасырған жоқ.
«Біз кеңес ретінде жастар мәселесіне байланысты жиналып, бір-бірімізбен кеңесіп отырамыз. Әрбір отырыста түрлі мәселелер төңірегінде сөйлесіп, шешу мәселесін қарастырамыз. Нақты бір міндетіміз бар деуге болмайды», — деді жас әнші.
Әли Оқаповтан бөлек, мүшелікке актер Әнуар Нұрпейісов, цирк әртісі Мұрат Мұтырғанов, волейболшы Сабина Алтынбековалар қабылданған.
По сообщению сайта Nur.kz